Қазақстанда әкелерге де декреттік еңбек өтілі есептелетін болды
Конституциялық сот бала күтімімен айналысқан әкелердің құқығын мойындады
Конституциялық сот бала күтіміндегі уақыт еңбек өтіліне тек аналарға ғана емес, әкелерге де есептелуі тиіс деген шешім шығарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл мәселе жаңа туған сәбиіне күтім жасау үшін жұмыстан кеткен әкенің арызынан кейін қаралды. Ер адам баласының денсаулығына байланысты күнделікті емдік шаралар жүргізуге мәжбүр болған, алайда бұл уақыт оның еңбек өтіліне есептелмеген.
Конституциялық соттың шешімінде бала күтімі – тек ананың ғана емес, кез келген ата-ананың міндеті екені айтылған. Егер әкелер де декретке шықса немесе жұмыстан босап, балаға күтім жасаса, бұл уақыт еңбек өтілі ретінде есептелуі тиіс.
Сот шешімі бойынша, заңнамада ата-аналардың еңбек құқықтары тең дәрежеде қарастырылуы керек. Осыған байланысты, енді бала күтімімен айналысқан кез келген ата-ананың бұл уақыты зейнетақы төлемдері үшін еңбек өтілі ретінде есептелуі тиіс.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
00:31
«Ауылыңа кет»: Алматыда қазақша жазғаны үшін жұ...
05.11.2026
23:16
Дастан Сәтбаевқа қатысты «Бернли» бапкері жағым...
05.11.2026
22:21
Ақтауда тұрғындар жылусыз қалды: Ашынған жұрт ж...
05.11.2026
21:33
Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жұ...
05.11.2026
20:31
«Кезексіз кіргізіп беремін»: Баласын балабақшағ...
05.11.2026
19:48
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларын ұстады – БАҚ