Қазақстанда алтынның бағасы 45 000 теңгеден асты

Қазақстанда алтынның бағасы 45 000 теңгеден асты
13.12.2024 17:01
0
1258
Pics-xl / shutterstock.com
1 грамм алтын 45 620 теңгеге қымбаттады

Қазақстанда алтынның бағасы тарихи рекорд орнатып, 1 граммы 45 620 теңгеге жетті. Бұл тәуелсіздік алғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

2024 жылы алтын бағасы бірнеше рет шарықтап, рекордтық деңгейлерге көтерілді. 13 желтоқсанда Ұлттық банк мәліметі бойынша, алтын құны 45 620,90 теңгеге дейін жетіп, тағы бір рекорд орнатты.

Еске сала кетсек, жақында ғана алтын бағасы төмендеген болатын. Бұл АҚШ-тағы президенттік сайлауда Дональд Трамптың жеңісінен кейін инвесторлардың басқа активтерге қызығушылық танытуымен байланысты еді. Алайда, қысқа мерзімді құлдыраудан кейін алтын бағасы тез қалпына келіп, өсуін жалғастырды.

Тек бір күн ішінде алтынның құны 1,76%-ға артты, ал бір аптаның ішінде өсу 4,58%-ды құрады. Жылдық есепте алтын бағасы 56,44%-ға қымбаттады. Бір жыл бұрын, 1 грамм алтынның бағасы 29 162,64 теңге болатын.

Сарапшылардың пікірінше, алтынға инвестиция жасау кезінде сақ болу қажет. Олар алтынның күрт қымбаттауынан кейін, инвесторлардың активтерін сатуға байланысты бағалардың төмендеуі мүмкін екенін ескертеді.

Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий