Қазақстанда ең арзан ақылы жолдар бар - Көлік министрі

Қазақстанда ең арзан ақылы жолдар бар, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 3-4 жыл бұрын елдегі жолдардың жағдайы нашар болған, ірі жобалар 6-7 жыл бойы созылып келген.
"Біз орташа жөндеу жұмыстарын кең көлемде бастадық. Қазір 50 жылдан бері жөндеу көрмеген жолдар жөнделуде. Егер осы жағдай қайталанбауын қаласақ, жолдарды уақытылы және сапалы күтіп ұстау қажет. Бұл ретте қосымша бюджетке салмақ түсірмей, жолдардың өзін-өзі ақтау жүйесіне көшу маңызды", – деді Қарабаев.
Министр Қазақстанда жүк көліктері үшін транзиттік төлемдер алынатынын және автожолдардың жанында тұратын тұрғындар үшін жылдық абоненттік төлем қарастырылғанын еске салды.
"Жылдық абоненттік төлем 3,5 мың теңге. Қазақстандағы ақылы жолдар көрші елдермен салыстырғанда ең арзан. Кейбір елдерде жол ақысы бізден 7, тіпті 25 есе қымбат", – деп мәлімдеді министр.
Соңғы жаңалықтар





