Қазақстанда халық саны 20,3 млн-ға жетті

Қазақстан халқының саны 2025 жылдың басында 20,3 миллион адамға жетті, бірақ елде туу көрсеткішінің төмендеуі байқалуда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, соңғы жылдары туу коэффициенті 6,2%-ға азайған.
"Қазіргі таңда Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Соңғы 20 жылда бұл көрсеткіш 9,7 жылға ұлғайып, 75,1 жасқа жетті. Алайда, біз ерлер мен әйелдер арасындағы өмір сүру ұзақтығының айтарлықтай айырмашылығын байқап отырмыз. Әйелдер ерлерге қарағанда орта есеппен 8 жыл ұзақ өмір сүреді. 2023 жылы ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жылды, ал әйелдердің 79,1 жылды құрады", – деді министр.
Әлназарова ОЭСР елдерінде бұл айырмашылық 5-6 жылды құрайтынын айтып, Қазақстанда бұл көрсеткішті азайту бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Қазіргі демографиялық трендтерді ескере отырып, министрлік туу көрсеткішінің төмендеу себептерін зерттеуге және оны тұрақтандыру үшін жаңа шараларды қарастыруға ниетті.
Ақпарат inform.kz сайтынан алынған.
Соңғы жаңалықтар





