Қазақстанда Қорғаныс министріне жаңа орынбасар, Әскери-теңіз күштеріне жаңа қолбасшы келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қазақстанның Қарулы Күштерінің жоғары басшылық құрамында бірқатар маңызды кадрлық өзгеріс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.
Қорғаныс министріне жаңа орынбасар тағайындалып, Әскери-теңіз күштері жаңа бас қолбасшыға ие болды.
Президент өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұл лауазымға ауысуына байланысты бұрынғы атқарған қызметінен босатылды. Тағы бір өкіммен Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына келді.
Серік Жақсығалиұлы Борамбаев - 1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген. Атағы - Генерал-майор(2021 жылы берілген). Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесінде, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университетінде, Атырау мемлекеттік университетінде білім алған. Еңбек жолында Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бастығы, Бас штаб бастығының орынбасары, сондай-ақ ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы сияқты түрлі маңызды лауазымдарды атқарды. 2025 жылғы 15 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков - 1-ші дәрежелі капитан. Мемлекет басшысының 2025 жылғы 15 тамыздағы өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Осы тағайындауға дейін ол бас штаб бастығы - Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Алдыңғы жылдары 29011 әскери бөлімінің командирі болып қызмет атқарған.
Соңғы жаңалықтар





