Қазақстанда қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталды

06.02.2026 11:41 Арман Ермеков
Қазақстанда қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталды
348
Сурет Gemini арқылы жасалған

Еліміздің сегіз бірдей өңірінде қылмыстық топтарды жоюға бағытталған ауқымды арнайы операция өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

4 ақпан күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен бірқатар қылмыстық топтардың жолын кесті. Арнайы шаралар бір мезгілде Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында жүргізілді. Нәтижесінде 20 адам ұсталды.

Күдіктілер қару-жарақ сақтау және сату, бопсалау, ұрланған көліктерді заңдастыру және басқа да қылмыстарға қатысы бар деп болжануда. Тінту барысында олардан атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары мен ірі көлемде ақша тәркіленді. Ұсталғандардың оны уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, бұған дейін бейресми дереккөздер Шымкентте «Мырзабаевские» қылмыстық тобының мүшесі саналатын Мұхтар Құрмановтың ұсталғанын хабарлаған еді. Оның үйін тінту кезінде заттай дәлелдемелер табылып, қаруды заңсыз сақтады деген күдікке ілінгені айтылған болатын. Сол кезде дереккөз оңтүстік өңірде қылмыстық топтарды құрықтау бойынша үлкен жұмыс жүріп жатқанын алға тартқан. Алайда ҰҚК бүгінгі ресми хабарламада нақты есімдерді атаған жоқ.

Сондай-ақ 2 ақпан күні күштік құрылымдар Алматыда тағы бір операция жүргізгенін еске саламыз. Ол кезде аса ірі көлемде бопсалау жасады деген күдікпен Асылбек Төлетпеков ұсталып, қамауға алынған болатын.

Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий