Қазақстанда үздік мемлекеттік айыптаушылар анықталды
Қазақстанда 518 прокурор қатысқан «Үздік мемлекеттік айыптаушы» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Бас жүлдені Аягөз гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Алмас Темірханов пен Маңғыстау облысының аға прокуроры Жалғас Қосымбай жеңіп алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, байқауға аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі прокурорлар, сондай-ақ тергеу мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалайтын қызметкерлер қатысқан.
Іріктеуден өткен 22 прокурор Құқық қорғау органдары академиясында өткен финалда бақ сынады. Олар сотта айыптау сөзін сөйлеп, қылмыстық және қылмыстық-процестік құқық бойынша тапсырмалар орындады. Сондай-ақ күрделі әрі тосын жағдайларға қатысты мәселелерді шешті.
Нәтижесінде басшы құрам арасында Аягөз гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Алмас Еркінұлы Темірханов, ал қатардағы прокурорлар арасында Маңғыстау облысы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау басқармасының аға прокуроры Жалғас Әлібиұлы Қосымбай жеңімпаз атанды.
Бұдан бөлек, алты номинация бойынша үздіктер анықталды. Атап айтқанда:
- Әлия Дәулетқанқызы Каппаева – Павлодар қаласының аға прокуроры, «Алқабилер қатысатын соттағы үздік мемлекеттік айыптаушы»;
- Мақсат Талғатұлы Шегебаев – Байқоңыр қаласының прокуроры, «Белсенді мемлекеттік айыптаушы»;
- Галина Сергеевна Кердекаева – Теміртау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы және Еркен Дастанұлы Баймағамбетов – Ұлытау ауданының прокуроры, «Үздік сөз шебері»;
- Бақытжан Әбдімажітұлы Мәмбетов – Мақаншы ауданының прокуроры, «Мемлекеттік тілдегі үздік сөз сөйлеу»;
- Жәнібек Оразбекұлы Жақаев – Қонаев қаласының прокуроры, «Креативті мемлекеттік айыптаушы»;
- Нұрлан Аманжолұлы Тойшыбеков – Астананың Алматы ауданының прокуроры, «Мемлекеттік айыптауды басқа құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері арасында үздік қолдау».
Бас прокуратура байқауды прокурорлардың кәсіби шеберлігін арттыру және сотта мемлекет атынан айыптауды қолдайтын білікті мамандарды іріктеу мақсатында ұйымдастырған.
Соңғы жаңалықтар