Ақтауда тойдың соңы жаппай төбелеске ұласып, алты адам қамалды (ВИДЕО)

Ақтауда тойдың соңы жаппай төбелеске ұласып, алты адам қамалды (ВИДЕО)
Фото: Бейнеден кадр

Ақтауда мейрамханада өткен той кезінде қонақтар жанжалдасып, арты жаппай төбелеске ұласқан. Оқиғадан кейін алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде қаланың 31Б шағынауданында ондаған полиция көлігі жиналған бейнежазба тарады. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары осы аудандағы мейрамханалардың бірінде жанжал шыққаны туралы хабар алған.

Оқиға орнына барған полицейлер той үстінде қонақтардың сөзге келіп қалғанын анықтаған. Кейін жанжал төбелеске ұласқан.

«Бұзақылыққа қатысқан адамдар жедел анықталып, ұсталды және қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, Шалқарда той үстіндегі төбелестен бір жігіт қаза тапқан.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу