"Жас қой, билесін": Хиджабын шешкен Абай Бегейдің қызы билеген видеосымен тағы да сынға қалды
Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы әлеуметтік желіде тағы да қызу талқыға түсті. Бұл жолы оқырмандар оның көңілді кештердің бірінде билеп жүрген бейнежазбасын талқылауға кірісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін орамалын шешіп, жаңа образымен көпшіліктің назарын аударған Сымбаттың бұл жолғы видеосы да желіде екіұшты пікір туғызды. Кадрлардан оның әуен ырғағына еркін билеп, кештің көңілді атмосферасына қосылғанын көруге болады.
Желі қолданушыларының бір бөлігі Сымбатты жақтап, оның жас екенін және өз өміріне қатысты шешімді өзі қабылдауға құқылы екенін алға тартты. Оқырмандар «Жас қой, билесін, онда тұрған ештеңе жоқ», «Өзі әлі бала, орамал әлі ертерек, жастық шақтың қадірін білгені дұрыс қой» деп қолдау білдірді.
Ал екінші тарап оның бұрынғы өмір салтын еске алып, қазіргі әрекетін сынға алды. Олар «Орамалын осылай жүру үшін шешкен екен ғой», «Кезінде қатты қысылған сияқты», «Жастық шақтың қадірін білгісі келсе, 17 жасында тұрмысқа шығып несі бар еді, енді бір әулеттің келіні ғой» деп пікір қалдыруда.
Соңғы жаңалықтар