Қазақстанда жасы жүзден асқан 44 адам бар
Еліміздегі ең қарт зейнеткер әйел 106 жаста, ол Шымкентте отбасымен бірге тұрады. Ал ерлер арасында ең жасы үлкені Алматыда тұратын 104 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол биология ғылымдарының докторы, профессор әрі академик, деп хабарлайды Politico.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, Қазақстанда ғасырлық межеден асқан барлығы 44 зейнеткер бар. Олар қалалардың қалыптасып, бірнеше ұрпақтың өсіп-жетілуіне куә болған.
Жалпы ел бойынша 2,4 миллионнан астам адам зейнетақы алады. Олардың 64 пайызы әйелдер болса, 36 пайызы ер адамдар.
Еске салайық, Қазақстанда 1 қазанда Қарттар күні аталып өтеді. Еліміз бұл күнді 35 жыл қатарынан атап келеді. Ол аға буынның ел дамуына қосқан үлесіне құрмет білдіріп, өмірлік тәжірибесі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесін еске алуға арналған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.11.2026
17:14
Ақмола облысында трактор аударылып, жүргізушісі...
15.11.2026
16:18
Қазақстанда тағы бір тасжол ақылы болды: Жүргіз...
15.11.2026
15:20
Қостанай облысында көлік аударылып, төрт адам а...
15.11.2026
14:19
Ақтаудағы «Тұлпар» мектебіндегі жанжал: Қорланғ...
15.11.2026
13:10
Алматыда Асанәлі Әшімовтің бір жылдық асы берілді
15.11.2026
12:38
Ақтаудағы бір шағынауданда ер адам кішкентай қы...