Қазақстандағы екі ірі банктің жүйесі сыр берді
Еліміздегі танымал қаржы ұйымдары – «Отбасы банк» пен «Halyk Bank» клиенттері техникалық ақауларға тап болды, деп хабарлайды Politico.kz
Қос банктің де мобильді қосымшалары мен онлайн қызметтері уақытша қолжетімсіз күйге түскен.
«Halyk Bank» өкілдерінің мәліметінше:
«Halyk SuperApp интернет-қызметтеріне қол жеткізуде уақытша шектеулер орын алуда. Жоғары жүктемеге байланысты техникалық ақаулар туындауы мүмкін. Банк мамандары қызметтердің тұрақты жұмысын қалпына келтіруде», — деп хабарлады Halyk Bank.
Ұқсас жағдай «Отбасы банкінде» де қалыптасты. Мұнда мәселе ауқымдырақ болып тұр:
«Қазіргі уақытта банктік сервистер бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл процесс жоспарланғаннан ұзағырақ уақытты алды.
Өкінішке қарай, уақытша түрде банк бөлімшелерінде, Баспана маркет платформасында және мобильді қосымшада операциялар қолжетімсіз.
Сондай-ақ байланыс орталығы уақытша жұмыс істемейді.
Біздің мамандар барлық жүйелер мен банктік операциялардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты режимде жұмыс істеуі және клиенттердің банк қызметтерін толық пайдалана алуы үшін жұмыстар жүргізіп жатыр», — деп хабарлады Отбасы банкі.
Соңғы жаңалықтар