Қазақстандағы масондар: билікті шын мәнінде кімдер басқарып жатыр?

Қазақстандағы масондар: билікті шын мәнінде кімдер басқарып жатыр?
27.06.2025 12:08
0
189
Фото: Qazaq Jogary Lojasy
Қазақстанда ресми тіркелген масон ложалары мен олардың қызметі

Қазақстандағы масондар: құпия ұйым ба, әлде қоғамдық клуб па?

«Масон» деген сөз көпшілік үшін құпия, тіпті мистикалық мәнге ие. Қазақстанда да соңғы онжылдықтарда масондар туралы түрлі пікірлер айтылып жүр. Бұл ұйым расында бар ма, әлде адам қиялының жемісі ме?

Қазақстанда масондар жайлы қандай мифтер бар?

Масон ұйымы жайлы мифтер бүкіл әлемде тараған. Құпия ұйым ретінде адамзатты билейді деп ойлайды. Бұл ең көп тараған миф. Әр елде ішкі ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән мифтер де бар. 
Қазақстанда кең тараған мифтерді екі топқа бөлуге болады:

  1. Билік басындағылар масон ұйымының мүшесі. Кейбір қастандық теорияларына сенсек, Қазақстандағы белгілі саясаткерлер мен шенеуніктер масон ұйымына мүше деп айтылады. Мысал ретінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі жиі аталады. Бірақ бұл ешқандай ресми немесе сенімді дерекпен расталмаған.
  2. Астананың сәулет ғимараттары масон симфоликасына толы. Бұл ең көп тараған миф. Мысалы, Бәйтерек «дүниенің ағашы» және «көз» символикасымен байланыстырылады. Бейбітшілік және келісім сарайы масон пирамидаларының символы деп айтылады. Президент резиденциясы немесе карталардағы орналасу схемасы «масон геометриясы» деп түсіндіріледі.

Мұндай мифтер әдетте әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар, дағдарыс жайлаған елдерде кең тарайды. Осылайша сол елдің халқы дағдарыстың себебін түсіндіруге тырысады.

Масондар елімізде ресми жұмыс істейді

2016 жылы «Қазақстанның масондар ордені» қоғамдық ұйымы елімізде ресми тіркелген. Сол жылы Қазақстанның Үлкен Ложасы (ҚҮЛ) құрылған. ҚҮЛ шотландтық жарғы бойынша жұмыс істейді. Әрбір кіші ложа тәуелсіз, дегенмен ҚҮЛ құрылымына кіреді. Оның басқарушы органы Ұлы офицерлер кеңесі. Кеңесті Ұлы мастер (Грандмастер) басқарады. 
Әр ложа ашылуы үшін кемінде 7 адам мүше болуы тиіс. Ал суверенді мемлекеттің Үлкен Ложасы ашалуы үшін кемінде 3 кіші ложа болуы керек. Бұл туралы Ұлы мастердің көмекшісі Сергей Кравченко «Диванные эксперты» подкасында айтқан

Сондай ақ, бұл қоғамдық ұйымның ресми сайты мен Facebook парақшасы бар. 

Сайттағы ақпаратқа сүйенсек, ҚҮЛ мынадай 5 ложадан тұрады: 

  • «Әлихан Бөкейханов» №1 құрметті ложасы (2016 ж.), жұмыс тілдері қазақ және орыс;
  • «Свет Востока» №2 құрметті ложасы (2016 ж.), жұмыс тілдері қазақ және орыс;
  • «United Nomadic Brothers» №3 құрметті ложасы (2016 ж.), жұмыс тілі ағылшын
  • «Бәйтерек» №4 құрметті ложасы (2017 ж.), жұмыс тілдері қазақ және орыс;
  • «А.С. Пушкин» №5 құрметті ложасы (2018 ж.), жұмыс тілі орыс.

Бұл ұйым қоғамға ықпал ете ме?

Осы сұраққа жауап беру үшін қоғамда тараған мифтерге емес, ресми сайттағы ақпаратқа сүйенеміз. Онда Қазақстанның Үлкен Ложасының мақсаты мен ұстанымдары жазылған. 
Сайттағы ақпаратқа сүйенсек, ҚҮЛ орденнің ежелгі дәстүрлерін қатаң сақтай отырып, Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде масондық нұрдың таралуына ықпал етуді алдарына мақсат етіп қойған. 
Масондар мынадай ұстанымдарды негізге ала отырып жұмыс істейді:

  • Дін мен саясат қоғамда алауыздық тудыратындықтан ұйым мүшелері бұл тақырыптарды талқыламайды;
  • Масон ешқашан масондық алдындағы міндеттерін отбасының, құдайдың және елінің алдындағы міндеттерінен жоғары қоймауы керек.

Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Ұйым елімізде ресми жұмыс істейді. Демек заң мен тәртіпке бағынады. Ресми ақпараттық ресурстарын талдай келе, заңға қайшы әрекет белгілері байқалмағанын көреміз. 
Бұдан бөлек, біз жоғарыда атап өткен саясаттанушы Марат Шибутовқа берген сұхбатты талдадық. Онда С. Кравченко ұйымның құрылу тарихы, қоғамда тараған мифтерге жауап берді. Ол сыртқы теріс ықпалдың жоқ екенін де айтқан. Оның сөзінше, елімізде масон ұйымы құрылғанға дейін, олар Ресейдің ложасына бағынған көрінеді. Кейін өзімізде тіркеліп, ресми жұмыс істей бастаған. Бізге бейресми емес ресми жұмыс істегені тиімді. 
Сондай-ақ, С. Кравченко елімізде масондар саны көп еместігін тілке тиек еткен. Себебі ұйымға кіру талаптары қатаң. Жоғарыда аталғандай дін мен саясат тақырыптары мүлдем талқыланбауы тиіс. Тек адами қарым-қатынасқа басымдық беріледі екен. Сондықтан мемлекет пен қоғамға теріс әсер етпейді.  

Саясаттанушы Қыр баласы 2.0

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий