Қазақстандықтардың несиесі кешіріле ме

05.11.2025 17:45 Әсел Мұрат
Қазақстандықтардың несиесі кешіріле ме
0
467

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтардың қарызын жаппай кешіру әзірге жүргізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мемлекет есебінен несиелерді кешіру үлкен тәуекел туғызып, бюджетке ауыр салмақ түсіреді. 2019 жылғы несие амнистиясынан кейін кейбір азаматтар қарыздары кешірілген соң қайтадан несие алып, оны да өтей алмай қалған.

«Бұл моральдық тәуекел тудырады. Адамдар әр 5–6 жыл сайын амнистия болады деп күтеді. Яғни, несие бәрібір кешіріледі деген сеніммен олар төлем жасауды қояды», - деді агенттік басшысы.

Әбілқасымова несие амнистиясы мемлекеттік бюджетке өте үлкен салмақ түсіретінін, сондықтан қазіргі экономикалық жағдайда мұндай шара қолдау таппағанын айтты.

«Бұл бюджетке үлкен жүктеме. Сондықтан әзірге Үкімет бұл бастаманы қолдап отырған жоқ. Сол себепті біз баламалы тетік ұсындық», - деді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий