Қазақстанның басым бөлігінде ашық ауа райы күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде ашық ауа райы күтіледі
07.10.2025 07:50
0
78
Фото: freepik
Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, тек шығыста аяз күшейеді

Қазгидромет 7-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады POLITICO.KZ.

Алдағы күндері елдің көптеген өңірлерінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Ел аумағында желдің күшеюі, тұман, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл болжанады.
Түнгі уақытта солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 1–7 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 4–16 градус жылы болады. Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 5–13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 3–11 градус жылы болады деп күтіледі. Қалған аумақтарда ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий