«Қазақтың Шатуновы» атанған Жасдәурен Ресей сахнасында тағы да өнер көрсетті (ВИДЕО)

«Қазақтың Шатуновы» атанған Жасдәурен Ресей сахнасында тағы да өнер көрсетті (ВИДЕО)
08.09.2025 12:20
0
181
Скриншот видеодан алынды

Jazzdauren атымен танымал қазақстандық әнші Жандаурен Аблаев Андрей Малаховтың бағдарламасында қайта бой көрсетті. Арнайы шығарылым кеңес дәуірінде жастардың сүйікті орындаушысына айналған Юра Шатуновты еске алуға арналды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Бағдарлама 6 қыркүйекте – Шатуновтың туған күнінде эфирге шықты. Егер тірі болғанда, ол 52 жасқа толар еді.
Шығарылымды Жасдәурен өзінің авторлық туындысы – «Кассетадағы әндер» әнімен ашты. Әншінің өнеріне құрмет ретінде оған композицияда аталған хиттер жазылған кассеталар сыйға тартылды. Бұдан кейін ол Шатуновтың репертуарындағы ең танымал әндердің бірі – «Балалық шақты» орындады.
Бағдарлама барысында Андрей Малахов жас қазақстандықты Юрий Шатуновтың жарына «Қазақтың Шатуновы» деп таныстырды.
Көрермендер жас әншінің өнеріне жылы пікірлер қалдырды:


«Хитмейкер қарапайым, бірақ әндері жүрекке жетеді»;
«Бұл шедевр, қандай дауыс! Жарайсың, табыс пен өркендеуге тілектеспіз»;
«Оның әндері жанға батады»;
«Әндері тыңдаушыны жастық шаққа қайта апарады»;
«Дауыс өте әдемі! Ал көздеріндегі мейірім ерекше!».

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий