Қоғамдық орындарда ниқабпен жүргендерге қанша айыппұл салынады

Қоғамдық орындарда ниқабпен жүргендерге қанша айыппұл салынады
Фото: ашық дереккөз

Қоғамдық орындарда ниқабпен жүргендерге әкімшілік жаза қолданылады. Мәжіліс заң бұзғандарға 43 мың теңге көлемінде айыппұл салуды қарастыратын заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

3 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары дауыс берген заң жобасы «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» деп аталады.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерде қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын, тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб) кигені үшін әкімшілік жаза қарастырылған», – деп түсіндірді мәжілістегілер.

Заң бұзғандарға бірінші рет ескерту жасалады. Қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады.

2026 жылы1 АЕК 4 325 теңге деп белгіленгенін ескерсек, қоғамдық орындарда екінші мәрте ниқабпен ұсталған азаматтарға шамамен 43 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу