«Қол-аяғын байлап қойған»: Құндызға қатысты сұмдық белгілі болды

26.01.2026 08:25 Берік Арманов Берік Арманов
«Қол-аяғын байлап қойған»: Құндызға қатысты сұмдық белгілі болды
384

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде тарап жатқан Құндыздың жағдайына байланысты алаңдаушылық білдірді. Ол Тараз қаласындағы жауапты мемлекеттік органдарды бұл жайтты назардан тыс қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде баланың қолы мен аяғы, сондай-ақ аузы скочпен байланғаны көрінетін фото жарияланған. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында журналист Құндыздың қамқоршысы Зүльфиямен тілдескен.

Алайда қамқоршының жауабы Руслан Өтепбайдың күдігін сейілтпеген.

«Байлаған мен емес деп отыр. Бірақ айтқандары бір-біріне сәйкес келмейді. Мен бұл сөздерге сенбеймін», – дейді ол.

Осыған байланысты журналист Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен полиция департаментін жағдайды жан-жақты тексеруге шақырды.

Сондай-ақ Руслан Өтепбай бұл істі жеке бақылауына алатынын айтып, жақын уақытта Тараз қаласына баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий