«Қорлаған»: Дархан мен Daricorn-ның басы тағы дауға қалды

«Қорлаған»: Дархан мен Daricorn-ның басы тағы дауға қалды
18.04.2025 07:50
0
175
Фото: Instagram

Блогер Daricorn-ның бейнебаянында ойнаған тоғыз жасар баланың оқиғасы әлеуметтік желіні шулатты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Даудың басы баланың ата-анасының рұқсатынсыз видеоға түскенінде жатыр. Бұл оқиға 2024 жылдың жазында болған. 9  жасар баланы «Qatty tatty» кафесін жарнамалау үшін видеоға түсірген. Баланың анасының айтуынша, бала ата-ананың келісімінсіз видеоға түсірілген.  Нәтижесінде монтаждалған видео ұлының психикалық денсаулығына ауыр зардаптар әкелген. Баланың анасы Instagram парақшасында жағдай туралы айтты:

«Мен ұзақ уақыт үнсіз қалдым, бірақ менің тоғыз жасар ұлым миллионер блогердің әрекеті үшін буллингке ұшырады, ол қазір жауапкершіліктен бас тартуға тырысады», - деп атап өтті Ольга Колузанова.

Баланың анасы айтып өткендей, түсірілім 2024 жылдың тамыз айында Алматыда, Манас пен Абай көшелерінің қиылысында болған. Блогер балаға өзінің сүйікті тамағы туралы сұрақ қойды. Ол: «Пицца» деп жауап берді. Дегенмен, бейнеде бұрмаланған мәтін болды. 

Видео 2,5 миллионнан астам қаралым жинаған. Және мыңдаған пікірлер, олардың көпшілігі қорлайтын сипатта еді.

«Осыдан кейін баламды мектепте, футбол бөлімінде және тіпті аулада қорқыта бастады. Кафе басшылығы менің баламның атына қандай пікірлер келіп жатқанын көрді және бейнені өшіргісі келмеді», -  деп түсіндірді баланың анасы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий