"Қорқамын": Димаш Құдайберген неге әлі үйленбей жүргенін айтты
1369
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген өзіне жиі қойылатын «қашан үйленесіз?» деген сұраққа жауап беріп, бұл мәселеге қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, бұл сұрақты ол Қазақстанға әр келген сайын, тіпті әуежайдағы тексеріс кезінде де естиді. Соған қарамастан, әнші өмірлік маңызды шешімге асықпайтынын атап өтті.
«Ең бастысы – таңдауыма өте жауапкершілікпен қарауым керек. Қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырымен ойнаудан қорқамын. Қыздарымыздың қадірін жоғары бағалаймын, сондықтан бұл тақырыпқа басқаша қараймын», – деді Димаш.
Сондай-ақ ол болашақта отбасын құрып, өмірлік жарымен бірге ұзақ ғұмыр кешуді армандайтынын жеткізді. Әнші үшін ең маңыздысы – шынайы сезім мен тұрақты бақыт екенін жасырмады.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...
07.10.2026
20:19
Джеки Чанмен кездескен вице-президентке жұрт не...
07.10.2026
20:00
Айдос Сарым желіде неге белсенді емес екенін айтты
07.10.2026
19:42
Тағы бір қызметкердің өлімі рас па? ДДСҰ Ресейд...
07.10.2026
19:35
Айдос Сарым: Қазір заң шығарушы биліктегілердің...
07.10.2026
19:13
“100 тоннадан астам газ жағылған”: Атырауда тұр...