«Қош келдің, қызым!»: белгілі әнші Ринат Шамшырақ әке атанды
2043
Әнші әрі блогер Ринат Шамшырақ пен жұбайы Аружан Төренің отбасында қуанышты жағдай орын алып, олар қызды болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет әке атанғанын сүйіншілеп, оқырмандарынан сүйінішті лебіздер күтетінін жеткізді.
«Аллаға мың шүкір. Жақсылар, құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін Алланың қалауымен әке атандым. Қош келдің, қызым! Осындай сәт сіздерге де жұғысты болсын. Ана болу, әке болу бақытын шын жүректен тілеймін», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Ринат Шамшырақ сәбидің есімін үлкендердің таңдайтынын айтып, осындай бақыт сыйлаған жарына деген жылы сезімін білдірді.
«Есімін бұйыртса, атасы мен әжесі өзіміз қоямыз деді. Осындай сәтті сыйлаған жарыма алғысым шексіз», – деді ол.
Желі қолданушылары жас ата-ананың қуанышына ортақтасып, нәрестеге амандық, ұзақ ғұмыр және отбасына бақ-береке тілеп, ақ жарма тілектерін жаудыруда.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...
05.10.2026
20:49
Марғұлан Аманбаев ҚР Төтенше жағдайлар министрл...