Қостанай облысында анасының орнына баласын өлі деп тіркеп қойған
1273
Қостанай облысында тіркеу органы қателік жіберіп, марқұм болған анасының өлім туралы куәлігін сұрап келген ер адамды өлді деп тіркеп қойған, деп хабарлайды Politico.kz.
Қостанай облысының құқық қорғау орталығы таратқан мәліметке сүйенсек, Әулиекөл ауданында анасы қайтыс болғаннан кейін оның ұлы тиісті құжатты алу үшін өтініш білдірген. Алайда жауапты орган қызметкерлері базаға мәліметті қате енгізіп, өлім туралы куәлікті марқұмның емес, өтініш жазған адамның атына рәсімдеп берген.
Осы олқылықтың кесірінен тірі адамның банктегі шоттары мен жеке құжаттары толық бұғатталып қалған. Соған қарамастан, жауапты мекеме өз қатесін ұзақ уақыт бойы түземей, істі созып отыр.
«Тіркеуші орган біраз уақыттан бері өз қателігін түзетпей, тірі адам қайтыс болды деген азаматтық хал актісі жазбасын күшін жоймай отыр және, шамасы, мәселені шешуді созып келеді», – деп хабарлады құқық қорғау орталығы.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
14:17
Шымкенттегі тойханада 13 жастағы жасөспірім көз...
07.10.2026
13:59
«Бәрін жария түрде айта алмаймыз»: Сайыров Ресе...
07.10.2026
13:31
Павлодарда прокуратура қызметкерінің көлігі қақ...
07.10.2026
12:27
«Сендердің кездегі тәрбие қазір өтпейді»: Тәуек...
07.10.2026
12:15
Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбаса...
07.10.2026
11:45
«I am Jane Doe»: қазақстандық әйелдер жылдар бо...