"Құндыз Назгүлді ұрады, менің қатысым жоқ": екі қыздың қамқоршысы қалай ақталып отыр?

26.01.2026 14:25 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
549
Фото: коллаж politico.kz

17 жыл бойы аға-жеңгесінің қолында болған Құндыздың қол-аяғы байлаулы күйде түсірілген суреті әлеуметтік желіде тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кадрлар көпшіліктің ашу-ызасын туғызып, жағдайдың шынайы мән-жайын анықтау мәселесін күн тәртібіне шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаға қатысты журналист Саламат Рахымет Құндыз бен оның әпкесі Назгүлдің заңды қамқоршысы Зүлфия Төленовамен байланысқа шыққан. Қамқоршының айтуынша, әлеуметтік желіде тараған суретке оның қатысы жоқ.

«Желіде тарап жатқан фотоны көріп, өзім де таңғалып отырмын. Бұл суретті кім түсіргенін, қалай шыққанын білмеймін. Егер бұл менің әрекетім болса, ешқашан қастандыққа бармас едім. Құндыз көбіне Назгүлді ұрып-соғады, мүмкін сол кезде байланған болуы мүмкін. Мен бұл жағдайды бүгін ғана білдім. Көбіне осы балалардың құжаттарымен ғана сыртқа шығамын. Бұған дейін қанша баланы асырадым. Мен өзіме қастандық жасамаймын», – деді Зүлфия Төленова.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары қамқоршының бұл түсіндірмесіне күмәнмен қарап, пікірлерін ашық білдірді. Көпшілік оқиғаға қатысты түрлі көзқарас айтып, жауапты органдардың араласуын талап етуде.

Желіде жазылған пікірлердің бірінде:

«Бұл апаның не кінәсі бар, ауру адамды бағу оңай емес, ол өте қиын. Ауру адам кейде айқайлайды, қолына түскен нәрсемен ұра салады, оған мықты денсаулық керек», «Жазасын алатын уақыт келді. Қарауға шамасы жетпесе, неге алады, бірін-бірі өлтіріп қойса қайтеді?», «Есім кем адамды бұлай байлауды қайдан білсін?»,«Қамау керек мына әйелді», деп жазған. Сондай-ақ: «Қолында қалса Құндыз памперс киіп жүретін күйге түседі, бір аздан соң психикалық жағдайы мүлде нашарлайды», деген пікірлер де көптеп кездеседі.

Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары бұл жағдайға бей-жай қарамауға шақырып, Құндыз бен Назгүлдің қауіпсіздігі мен тағдырына қатысты тиісті тексеру жүргізуді талап етуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий