Құрылтай сайлауында сағат 16:00-де 8,24 млн адам дауыс берді

23.08.2026 16:16 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Құрылтай сайлауында сағат 16:00-де 8,24 млн адам дауыс берді
67
Фото: ҚР Орталық сайлау комиссиясы

23 тамызда өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауда сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 65,37%-ын құрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың ең жоғары белсенділігі Қызылорда облысында тіркелді. Мұнда дауыс беруге қатысу көрсеткіші 81,38%-ға жетті.

Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 79,33%-ы дауыс берсе, Жетісу облысында 77,03%, Түркістан облысында 76,73%, Ақтөбе облысында 75,63% болды.

Ақмола облысында дауыс беруге қатысу 73,69%, Абай облысында 71,18%, Қарағанды облысында 70,91%, Қостанай облысында 70,09% көрсеткішіне жетті.

Жамбыл облысында сайлаушылардың 69,11%-ы, Шымкентте 67,92%-ы, Алматы облысында 67,23%-ы, Павлодар облысында 67,06%-ы дауыс берді.

Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 65,86%, Ұлытау облысында 64,29%, Солтүстік Қазақстан облысында 63,94%, Атырау облысында 63,37% болды.

Батыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 61,81%-ы дауыс беруге қатысты.

Қалалар арасында Астанада белсенділік 46,38% болса, Алматыда 36,65%-ды құрады.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпаратты сағат 18.00-де жариялайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий