Құрылтайдағы 8 комитетке кімдердің кіргені белгілі болды
Құрылтайдың алғашқы сессиясында сегіз тұрақты комитеттің құрамы толық бекітілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы жоғары заң шығарушы органның ресми отырысында белгілі болды. Бұған дейін аталған комитеттердің төрағалары тағайындалған еді, ал енді олардың қатары хатшылармен және қатардағы депутаттармен толықты.
Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетіне Серік Егізбаев жетекшілік етеді. Айжан Сқакова комитет хатшысы болып сайланды. Құрамына Бауыржан Жамалов, Бота Елеусізова, Мағжан Ералиев, Шынасыл Ерназар, Руслан Идрисов, Мұрат Иргибаев, Замира Кузиева, Аслан Құлмағамбетов, Дәурен Маралов, Айжан Наимбекова, Ербол Нұрғалиев, Сергей Пономарев, Русана Сулаймонова, Әбілхайыр Тамабек пен Арман Хайруллин енді.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы – Асхат Аймағамбетов, ал хатшысы – Асхат Рахимжанов. Бұл бағытта Жарқынбек Амантай, Жанарбек Әшімжанов, Зульфия Байсақова, Айнагүл Балташева, Елдос Баялышбаев, Захира Бегалиева, Жұлдыз Данбаева, Арман Жансеңгіров, Ләззат Жылқыбаева, Шолпан Каринова, Асылхан Қожахметов, Ләззат Қожахметова, Дихан Қамзабекұлы, Динара Наумова, Наталья Рамазанова, Ажар Сағандықова, Екатерина Смолякова және Армангүл Тоқтамұрат жұмыс істейді.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін Үнзила Шапақ басқарады. Хатшы міндеті Константин Петровке жүктелді. Комитет мүшелері қатарында Айжан Аймағанова, Арман Ақылбай, Мадияр Әмірғалиев, Гүлзира Атабаева, Дәурен Ахметжаев, Айрат Базенов, Нұркен Бақытбекұлы, Марат Башимов, Берік Беркімбаев, Евгений Больгерт, Александр Данилов, Нұрлан Дулатбеков, Снежанна Имашева, Дәулет Кәрібек, Мейрамбай Кемалов, Ерқанат Мұсылманбек, Мади Рымжанов және Аят Сүгірбай бар.
Қаржы және бюджет комитетінің төрағалығына Ольга Перепечина, ал хатшылығына Айдарбек Қожаназаров бекітілді. Комитетке Кендебай Адамбек, Қайрат Айтуғанов, Гүлназ Атамқұлова, Аяужан Әшімова, Шалқар Байбеков, Бақтыбек Бибаев, Алмас Мухаметов, Бөріхан Нұрмұхамедов, Татьяна Савельева, Наурыз Сайлаубай, Елена Семидоцких, Тәттігүл Талаева, Илья Теренченко, Аббат Өрісбаев және Әсел Хаирова мүше болды.
Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетіне Әмірбек Оспанбеков төрағалық жасайды. Юрий Ли хатшы қызметіне тағайындалды. Депутаттар Бекжан Айтқұлов, Ербол Данағұлов, Беғалы Ералиев, Нұрсадық Ергешбек, Ажар Қажыбекова, Арман Қалықов, Мейірхат Қасымбаев, Бахадыр Нарымбетов, Замир Сағынов, Ерлан Сайыр, Нұрбақыт Теңізбаев, Тұрарбек Тілемісов, Марат Шибутов, Мейраш Шынасилова мен Станислав Щербаков осы топтың құрамына кірді.
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тізгіні Марат Қожаевқа берілді. Оның хатшысы – Константин Авершин. Мүшелікке Әсел Баденова, Шахмардан Байманов, Сатыбалды Бұршақов, Қарлығаш Жоманқұлова, Алмат Жөкебаев, Ақерке Искандерова, Юлия Кучинская, Дана Медеуова, Шерзод Пулатов, Максим Рожин, Айдос Сарым, Нұргүл Тау және Ирина Тен өтті.
Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін Дархан Ахмедиев басқаратын болды. Комитет хатшысы ретінде Екатерина Смышляева сайланды. Құрамында Ербол Адаев, Тілектес Адамбеков, Абай Алтай, Дидарбек Ділдәбек, Лаура Қарабасова, Владимир Киян, Мақсұт Насибулов, Гүлісхан Нахбаева, Олжас Нұралдинов, Айсұлу Сүлейменова, Айжан Темірбаева, Рабиға Тоқсеитова және Ерлан Тоқшалық жұмыс істейді.
Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрайымы Наталья Годунова болса, хатшысы – Сұңғат Есімханов. Оның қатарына Алмат Әбдікешов, Бекжан Әлімқұлов, Вадим Басин, Эрлан Батырбеков, Нұрайнаш Камалова, Серік Қожаниязов, Олжас Құспеков, Лариса Ли, Мұратбек Мұхамбедиев, Нұржан Ниязалиев, Шота Оспанов, Динара Райханова, Марат Себасов, Нұрлан Толыбаев, Мұса Хайруллиев, Махамбет Хасенов, Никита Шаталов және Ермекқали Юсупов қосылды.
Соңғы жаңалықтар