«Жеке өмірім – қаралым жинайтын контент емес». Абай Асылхан ажырасуы туралы айтты
192
Шоумен Абай Асылхан актриса Жанель Мақажанмен ажырасуына байланысты желіде өршіген түрлі қауесеттерге жауап беріп, жеке басына қатысты жалған ақпарат таратқандарды заңмен жазалайтынын ескертті, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы жағдайды білмей жатып, түрлі болжамды шындық ретінде ұсынып жүрген блогерлер мен «сарапшыларға» шүйлікті.
«Жеке өмірім – біреудің қаралым жинауына немесе аудиториясын көбейтуіне арналған контент емес. Адамның қоғамдық қызметі мен жеке өміріне қатысты мәселелерді талқылаудың да өз жауапкершілігі бар. Пікір айту мен сын білдіру – бір бөлек, ал болжамды шындық ретінде көрсету – басқа мәселе» деп жазды ол.
Сондай-ақ шоумен отбасылық өмірінің бүге-шігесін көпке жайып салып, желіде ешкіммен сөз таластырмайтынын баса айтты. Алайда өзінің ар-намысына нұқсан келтіретін жазбалар анықталған жағдайда, мәселені тек құқықтық алаңда, заң шеңберінде шешетінін қатаң ескертті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
17:01
Түркияда туристік автобус эвакуатормен соқтығыс...
12.10.2026
16:31
«Жеке өмірім – қаралым жинайтын контент емес». ...
12.10.2026
16:29
ШҚО-да 12 әкім жауапқа тартылды
12.10.2026
15:53
Өгей шешесі ұрып-соққан төрт жасар қыз көз жұмды
12.10.2026
15:43
ҚМА Перизат Қайраттың туыстарына қатысты мәлімд...
12.10.2026
15:09
Елдегі мәслихаттар мерзімінен бұрын таратылды: ...