ШҚО-да 12 әкім жауапқа тартылды

12.10.2026 • 16:29 Абзал БАХЫТЖАНОВ
ШҚО-да 12 әкім жауапқа тартылды
194
Фото: magnific.com

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапқа тартылды. Олар аумақтың тазалығын тиісті деңгейде қадағаламаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан прокуратурасы 15 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Қоқыс орындары спутниктік суреттерді зерттеу және аумақты тексеру кезінде табылған.

Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін полиция 177 адамды әкімшілік жауапқа тартты.

Прокуратураның қадағалау шаралары нәтижесінде өз міндетін тиісінше орындамаған 12 ауылдық округ әкімі де жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдар толық төленген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий