Қыдырәлі Болман Баян Мақсатқызына жылы лебізін білдірді

Қыдырәлі Болман Баян Мақсатқызына жылы лебізін білдірді
13.03.2025 17:58
0
56
Фото: instagram.com/kydyrali_bolman

Танымал әнші Қыдырәлі Болман әріптесі, продюсер Баян Мақсатқызы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесі студенттік жылдарды еске алып, Баянды алғаш рет көрген сәтін сипаттады. Ол оны алғаш рет "Махаббат бекеті" фильмінен көріп, кейіпкердің тағдырына бірге алаңдағанын жеткізді. Кейінірек Алматыда оқуға түскенде, күтпеген жерден оны оқу орнында кездестіргенін айтты.

"Мен үшін әрі әріптес, бір институтта, бірақ әртүрлі факультетте оқысақ та, студент кезден білемін. Мен үшін қымбат замандасым", – деп жазды Қыдырәлі.

Сонымен қатар, продюсер Баян Мақсатқызының кино әлеміндегі батыл қадамдарын атап өтті.

"Кезінде киноға кіре алмай, сұраныс жоқ деп жүрдік. Кино түсіру – клип түсіру емес. Қорқа-соқтағанымыз рас. Баянды отандық кино түсіруді қолға алған алғашқылардың бірі, қазақтың қайсар да талантты қыздарының бірі дер едім", – деді ол.

Баян Мақсатқызының сахнаға талантты әншілерді шығарудағы еңбегін ерекше атап өткен Қыдырәлі, оның мерейтойына орай жылы лебізін білдірді.

"Келген жасың құтты болсын, елге істеген еңбегің елеулі болсын! Алладан ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыңа бақыт пен береке тілейміз!" – деп жылы ниетін жеткізді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий