Қырғызстан астанасы ауысуы мүмкін
Қырғызстан астанасы Бішкек өзінің мәртебесінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ, 24kg арнасына сілтеме жасап.
Бұл бастаманы Жогорку Кенеш депутаты Бақытбек Марипов ұсынды. Ол қаладағы түтін мен көлік кептелісін ұзақ уақыт бойы шешу мүмкін еместігін айтып, астананы басқа жерге көшіруді ұсынды.
"Тіпті Бішкекте екі басшы болғанның өзінде, олар қаладағы түтін мен көлік кептелісін шешуге қауқарсыз болады" – деді Марипов.
Оның айтуынша, астананы басқа жерге көшіру қаланың көптеген инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге көмектеседі. Марипов Ыстықкөл облысында салынып жатқан жаңа Асман қаласын астана ретінде ұсынды. Асманға 10 миллиард доллар инвестиция салу жоспарланған.
Сонымен қатар, депутат Бішкектегі теміржолды көшіруге 550 миллион доллар, ал айналма жол салуға 1 миллиардтан астам қаражат қажет екенін еске салды.
Бішкектен басқа жерге астананы көшіру туралы ұсынысқа қосымша, депутаттар елдің әнұранын өзгерту мәселесін де талқылауда.