Қырғызстанда өлім жазасы қайта енгізілуі мүмкін

Қырғызстанда өлім жазасы қайта енгізілуі мүмкін
08.10.2025 11:29
0
31
president.kg

Қырғызстан президенті әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін өлім жазасын қайтаруды ұсынды, деп жазады POLITICO.KZ.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров балаларды зорлау және әйелдерді зорлап өлтіру қылмыстары үшін өлім жазасын енгізу туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов.

«Президент Садыр Жапаровтың пікірінше, әсіресе балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар жазасыз қалмауы тиіс», — деп жазды Алагозов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Kloop.kg порталының мәліметінше, Қырғызстанда өлім жазасына мораторий 1998 жылы енгізілген. Ал 2007 жылы бұл жаза түрі ресми түрде жойылып, өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастырылған. Елдің қазіргі Конституциясында өлім жазасына тыйым салынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий