"Қыспақта болдым": Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әйел бақытының ең маңызды тұсы – жар таңдауда қателеспеу екенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Әншінің айтуынша, өмірлік серікті таңдауда өз жүрегіңнің үнін тыңдау аса маңызды.
«Бақытта боламын десеңіздер, жар таңдаудан қателеспеңіздер. Адам елдің емес, өзінің жүрегін тыңдауы керек екен. Мен 30 жасыма дейін тұрмыс құрып, ана атанғанға дейін үлкен қысымда болдым. Ағайын-туыс, дос-жаран тарапынан “қашан, қашан?” деген сұрақтар жиі қойылатын», – деді ол.
Сонымен қатар Мөлдір Әуелбекова сырттан айтылған кеңеске құлақ асуға болатынын, алайда түпкілікті шешімді әр адам өзі қабылдауы қажет екенін атап өтті. Оның сөзінше, өз өміріне жауапкершілікпен қарау – шынайы бақыттың басты шарты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды