Қытай компаниясы Ақмолада бидай өңдеу зауытын салмақ

Қытай компаниясы Ақмолада бидай өңдеу зауытын салмақ
20.12.2024 12:04
0
65
t.me/hacknazararnasy
Dalian Hesheng Holdings Қазақстанда ірі жобаны бастайды

Қазақстанда Ақмола облысында бидайды терең өңдеу бойынша тігінен кіріктірілген өнеркәсіптік парк құрылысы басталады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен қытайлық Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниялар тобының басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан арасындағы кездесуде айтылды. Кездесу барысында агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық ынтымақтастық пен көмір химиясы, машина жасау салаларындағы серіктестік мәселелері талқыланды.

Қытайлық компания бидайды өңдеу және ашыту саласындағы технологиялық патент иесі болып табылады және озық цифрлық технологияларды қолданады. Жаңа зауыт ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің сапасын арттырып, ішкі және сыртқы нарыққа жоғары сапалы өнім жеткізуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или