Қытайдың Тибет өңірінде жойқын жер сілкінісі болды

Қытайдың Тибет өңірінде жойқын жер сілкінісі болды
Бейнеден кадр
Тибетте жойқын жер сілкінісі: 53 адам қаза тапты

Тибетте болған жер сілкінісі 53 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қытайдың мемлекеттік ақпарат агенттігі «Синьхуа» таратқан мәліметке сәйкес, бүгін таңертең Шигадзе префектурасының Тингри округінде магнитудасы 6,8 балл болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді.

Салдарынан 53 адам қаза тауып, тағы 62 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Жер сілкінісі көршілес Непал астанасы Катмандуда да сезілді.

Қытай билігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Табиғи апат салдарынан үйлер мен инфрақұрылымға үлкен зақым келгені туралы хабарланды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу