Қызбен сүйісемін деп тілінен айрылылған жігітке қатысты жаңа ақпарат шықты
Қырғызстанда қызбен сүйіскен сәтте жігіт тілінен айырылды деген шу болған оқиғаға қатысты қосымша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Malim.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жағдайды журналист Бекболат Қаржан өзінің Facebook парақшасында түсіндіріп өткен. Оның айтуынша, оқиға басында айтылғандай, романтикалық қарым-қатынаста болған екі жастың арасында емес, таныстарының тойында болған.
Жаңа дерекке сүйенсек, 18 жастағы қыз әлгі жігіттің сүйіктісі болмаған. Тойда масайып қалған жігіт қызға өзі қайта-қайта тиісе берген, құшақтап, еріксіз сүймек болған. Жігіттің бұл әрекетіне ашуланған қыз өзін қорғау мақсатында оның тілін де, ернінің бір бөлігін де тістеп жұлып алғаны айтылды.
Пост авторы қыздың әрекетін өзін қорғау деп бағалап, "дұрыс істепті" деп пікір қалдырған. Ал жігіттің жақындары қазір қыздың ата-анасынан кешірім сұрап жүрген көрінеді.
Желі қолданушылары оқиғаның бұлай өрбігеніне таңданыс білдіріп, енді жігіттің мұндай қылықтан сабақ алатыны сөзсіз деген пікір айтуда.
Соңғы жаңалықтар