"Қыздар, қорықпай әдемілетіп алуға болады": Жорабаева ота туралы ашық айтты

Танымал әнші Алтынай Жорабаева көз айналасын жасартуға арналған блефаропластика отасын қайта жасатқанын ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Өнер иесі сегіз жыл бұрын осындай процедурадан өткенін еске салып, биыл екінші рет жасатқанын жеткізді.
"Бұрынғы жіпті алып, жаңасын салды. Ота ауырмайды, ісік тек алғашқы күндері байқалады. Жұмысқа бірден кете беруге болады. Қыздар, қорықпай әдемілетіп алуға болады", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің күрт арықтауы да көпшіліктің талқысына түскен еді. Жорабаеваның айтуынша, ол ешқандай хирургиялық әдіске жүгінбей, дұрыс тамақтанудың арқасында 35 келі салмақ тастаған.
Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәлімдемелерге әртүрлі пікір білдіруде: бірі әншіні қолдаса, енді бірі сенімсіздік танытып, түрлі жорамалдар жасауда.
Соңғы жаңалықтар





