«Қызды дәретханаға сүйреп кіргізген»: Жамбылдағы мектеп-интернатта болған оқиға елдің жағасын ұстатты

«Қызды дәретханаға сүйреп кіргізген»: Жамбылдағы мектеп-интернатта болған оқиға елдің жағасын ұстатты
09.09.2025 16:13
0
319
Фото: Видеодан кадр

Желіде ұлдардың бір қызды мектеп дәретханасына сүйреп апара жатқан сәті жазылған видео тарады. Бұған қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Желіде Жамбыл облысында түсірілген видео тарады . Кадрлардан қызды дәретханаға сүйреп апара жатқан ұлдарды байқауға болады. Видеодан сондай-ақ олардың есікті ішінен жауып алғаны көрінеді. Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, мекеменің жауапты қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаға қатысты ешкімнен арыз түспегенін хабарлады. Алайда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында бейнежазбалар бойынша тексеру жүргізілді.

"Оқиғаға қатысушылардың бәрі – 1 және 2 сынып оқушылары анықталды. Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын түсіндіру мақсатында олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді", - деп түсіндірді полицейлер.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарына болған жайтты хабарламау фактісіне байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына лауазымды тұлғаларға шара қолдану туралы ұсыныс жолданды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий