Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
794
200 млн теңге шығын келтіргендер ұсталды: Қызылордада мұнай ұрлығы
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қылмыстық схемаға кәсіпорын жұмысшылары мен күзет қызметкерлері қатысқан. Полиция жүргізген 20-дан астам тінту нәтижесінде 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімі тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келген залал 200 миллион теңгеден асады.
«Полиция бөліміне 12 күдікті жеткізілді, олардың тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және құжатсыз тасымалдау деректері бойынша тергеу жүргізіп жатыр», – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қазір тергеу жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар
01.10.2026
23:20
Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арн...
01.10.2026
23:20
«Ұйықтап жатқан баланың бетін тырнады»: Ақтөбед...
01.10.2026
22:41
"Қатты ауырып, жылап жібердім". Индира Елемес қ...
01.10.2026
22:17
Ресей прокуратурасы Тимур Турловты сотқа берді:...
01.10.2026
21:14
Бейнеуде адам өліміне әкелген жол апаты: Полици...
01.10.2026
21:10
Қазір кез келген адамға есігімді ашпаймын — Роз...