Қызылордада жаңа босанған әйелге қан құйып, ВИЧ жұқтырған
Қызылордадағы қан құю оқиғасы АИТВ инфекциясына алып келді
Қызылордада жаңа босанған әйелге қан құйғаннан кейін АИТВ(ВИЧ) инфекциясы анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният растады. Ол бұл жағдайды министрлік өз бақылауына алғанын айтты.
"Қазіргі уақытта тиісті тексеру жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады", – деді министр Мәжіліс кулуарында.
Қызылорда облысының полиция департаменті медициналық қызметкерлердің өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Аталған бап бойынша 30 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Егер зардап шеккен адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, жаза екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды.
Ресми емес деректер бойынша, перинаталды орталықта әйелге 12 донордан қан құйылған. Бір айдан кейін оның ағзасында АИТВ анықталған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.11.2026
15:43
Сағымбаевтың отставкасы – Ақорда басты себептер...
16.11.2026
15:35
Қазақстанда бала күтіміндегі әйелдерге берілеті...
16.11.2026
15:13
Желіде шу болған әке мен қыздың видеосы бойынша...
16.11.2026
14:36
ҰҚК басшысы Сағымбаевтың қызметтен кетуіне не с...
16.11.2026
14:24
2026 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар неше ...
16.11.2026
12:49
ҚазҰУ-дың тағы бір студенті қайтыс болды: күдік...