"Қызымды қорғадым". Атырауда әйел күйеу баласын пышақтап өлтірді

14.11.2025 10:11 Мөлдір Талғат
0
121
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында бір әйелдің 63 жастағы анасы мен інісі өз жақынын экс-күйеубаласынан қорғаймын деп, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оқиға 2023 жылдың соңында басталған. Ажырасқаннан кейін әйел ата-анасының үйінде тұра бастаған. Алайда бұрынғы күйеуі жиі шақыртусыз келіп, айқай шығарып, әйелді ұрып кетіп жүрген.

Бір күні жағдай қайталанып, ер адам жанжал кезінде бұрынғы енесін де соққыға жығады. Полиция оны ұстап әкеткенмен, ол қашып шығып, сол үйге қайта оралады.

Үйге баса-көктеп кірген ер адам әйелдің інісімен төбелесіп қалады. Айғайды естіген әйелдің анасы шыдай алмай, ас үй пышағын қолына алады. Жанжал сыртқа, көшеге ұласады. 63 жастағы кейуана қолындағы пышақты бұрынғы күйеу баласына сұғып алған.

Сот отырысында әйел:

«Мен қызымды қорғадым. Егер араласпасам, ол оны өлтіріп қоятын еді», – деп соңғы сөзін айтқан.

Сот шешімі бойынша 63 жастағы ана 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий