«Қызымның тұсауын кескен»: Сара Тоқтамысова Тоқтар мен Бейбітке жыр арнап, халықтың ықыласына бөленді

26.11.2025 09:15 Айсұлу Мұрат
«Қызымның тұсауын кескен»: Сара Тоқтамысова Тоқтар мен Бейбітке жыр арнап, халықтың ықыласына бөленді
0
31
Коллаж: sn.kz

Айтыс өнері арқылы танылған ақын және блогер Сара Тоқтамысова әнші Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның қуанышы кезінде түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Бейнежазбада Сара екі өнерпаздың қуанышына арнайы арнаған өлеңін көпшіліктің алдында оқып тұрған сәті көрінеді. Ақынның айтуынша, бұл видеоны біраз уақыт бойы оқырмандары сұрап жүрген.

«Өткенде осы видеоны сұраған едіңіздер. Сториске толық сала алмағанмын, себебі өзімде болмады. “Толық жүктеп қой” деп туыстарым, ата-анам да өтінді. Сыртымнан түсіріп алған бір жақсы адам жіберіпті, көп рахмет! Осы жерде тұрсын», – деп жазды ол.

Сара Тоқтамысова Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваны ерекше құрметтейтінін атап өтті. Оның айтуынша, отбасы шарасында Бейбіт Сейдуалиева өздерінің Сүйкімді есімді қыздарының тұсауын кескен.

«Тоқтар аға – артық сөзге жоқ, кісімсу деген мінезі мүлде жоқ, өте қарапайым, сыйлы азамат. Жеңгеміз де сондай кісілік болмысы бар жан. Аман болсын!» – деп жазды айтыскер.

Ақынның жылы лебізі мен оқырмандары сұраған бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий