Рамзан Қадыровтың ұлы жансақтау бөлімінде жатыр
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Адам Қадыров жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
NIYSO Telegram-арнасы мәліметінше, Қадыров жол апатына ұшыраған.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров Грозныйдағы Республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілген, ол ауыр халде жатыр.
«Ауруханаға апаратын жолдар жабылды, себебі мұнда Адам жеткізілді. Ол ес-түссіз, жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген дереккөзде.
Қадыровтың кортежі жоғары жылдамдықпен, «бір көлік бірінің артынан» жүйткіп келе жатқанда, кенет кедергіге тап болған.
«Салдарынан көліктер бір-біріне соқтығыса бастаған», - делінген хабарламада.
Арна дерегінше, жарақат алғандардың арасында Шешенстандағы тағы бір жоғары лауазымды тұлғаның ұлы болуы мүмкін, алайда оның аты-жөні аталмайды.
Шешенстан билігі тарапынан бұл жағдайға қатысты әзірге ресми ақпарат жоқ.
18 жастағы Адам Қадыров – Шешенстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
Соңғы жаңалықтар