Референдум аяқталды: қанша қазақстандық дауыс берді?

15.03.2026 21:00 Әсел Мұрат
Референдум аяқталды: қанша қазақстандық дауыс берді?
225
Фото: ашық дереккөз

Елімізде өткен республикалық референдумға қатысушылар саны бойынша алдын ала деректер жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, кешкі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге 9 126 850 азамат қатысқан. Ел бойынша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны – 12 461 796 адам. Алдын ала есепке сәйкес, жалпы қатысу деңгейі 73,24% болды.

Өңірлер арасында Қызылорда облысы жоғары белсенділік танытты. Мұнда сайлаушылардың 93,04% дауыс берген. Сондай-ақ Ақтөбе облысында қатысу деңгейі 87,05%, Шығыс Қазақстан облысында 86,42%, Жамбыл облысында 85,06%, Түркістан облысында 84,03%, Қарағанды облысында 84,30% болды.

Ірі қалалар арасында Шымкентте дауыс беруге 75,82% тұрғын қатысса, Астанада бұл көрсеткіш 60,36% деңгейінде болды. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркеліп, 33,43% болды.

Басқа өңірлердегі көрсеткіштер:

  • Қостанай облысында 81,21%, 
  • Ақмола облысында 79,82%, 
  • Жетісу облысында 78,49%, 
  • Маңғыстау облысында 77,89%, 
  • Павлодар облысында 75,51%, 
  • Абай облысында 75,45%, 
  • Атырау облысында 74,04%, 
  • Ұлытау облысында 73,15%, 
  • Алматы облысында 71,46%, 
  • Солтүстік Қазақстан облысында 70,52%, 
  • Батыс Қазақстан облысында 68,94% адам дауыс берген.

Референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-де жабылды.Дауыс санау рәсімі басталды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий