Ресей басшысының аузынан қазақша сөз шықты
3824
Мәскеудегі Үлкен театрда өткен салтанатты концерттен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қазақстандық өнерпаздармен арнайы кездесті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мемлекет басшысы әртістерге кештің ең жоғары деңгейде өткенін айтып, шынайы ризашылығын білдірді.
«Жақсы, керемет концерт болды бүгін. Бәріміз тамашаладық. Баршаңызға аманшылық тілеймін. Тек қана жақсылықпен осындай сәттерде кездесе берейік келешекте», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президентінің жылы лебізінен кейін, оның жанында тұрған Ресей басшысы да біздің әртістерге қарата сөз сөйледі. Владимир Путин қазақ тілін әлі толық білмейтінін мойындай отырып, Тоқаевтың сөзінен маңызды бір сөзді естіп, түсініп қалғанын жеткізді.
«Қазақшам әлі онша емес. Бірақ бір сөзді естіп, түсіндім — “алтын”. Бұл “золото” деген сөз. Міне, сендер де – нағыз алтынсыңдар», — деді Владимир Путин.
Соңғы жаңалықтар
30.09.2026
23:27
Қазақстан төрешілер шешіміне келіспеді: Сабырха...
30.09.2026
22:12
«Төрешілермен келіспейтін тұстарым бар»: Елдос ...
30.09.2026
21:27
«Жоғары бағалаймыз»: Кремль Қазақстан Президент...
30.09.2026
21:03
Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттың тер...
30.09.2026
20:07
Тоқаевқа Бавария Премьер-министрі ерекше сыйлық...
30.09.2026
19:20
Полиция пунктінен 23 жастағы қыз өлі табылд...