Ресейде соңғы онжылдықтағы ең күшті жер сілкінісі болды

Ресейде соңғы онжылдықтағы ең күшті жер сілкінісі болды
30.07.2025 10:39
0
482
Сурет: Бейнеден кадр

Камчаткада жойқын жер жер сілкінісі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ресейдің Камчатка түбегінің маңында магнитудасы 8,5-ке жеткен жойқын жер сілкінісі тіркелді. Бұл соңғы ондаған жылда өңірде болған ең күшті сілкіністердің бірі. Табиғи апаттан кейін бірнеше елде цунами қаупі жарияланды.

Алғашында магнитудасы 7,5 деп бағаланғанымен, кейін нақты мәліметтерден кейін көрсеткіш 8,5-ке дейін өсті. Тіпті Еуропа-Средиземноморлық сейсмологиялық орталық 8,7 магнитудасын тіркегенін хабарлады.

Жер сілкінісінен кейін бірнеше афтершок қайталама сілкіністер болған, олардың ең қуаттысы 7 магнитудаға дейін жеткен.

Ресей ТЖМ Камчатка жағалауына цунами жақындауы мүмкін екенін ескертті. Алдын ала болжам бойынша, кейбір аймақтарда толқын биіктігі 6–32 сантиметрге дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты теңізде жүрген кемелерге ашық мұхитқа шығуға кеңес берілді. Ал тұрғындарға жағалауға жақындамау ескертілді.

Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов мұндай жер сілкінісі бұл өңірде 1952 жылдан бері болмағанын растады. Қазір барлық әлеуметтік нысандар мектеп, балабақша, ауруханалартексеріліп жатыр. 

Цунами қаупі тек Ресеймен шектелмей, Жапония, Гавайи және Алясканың кейбір аудандарында да жарияланды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий