Ресейдегі қазақ отбасы соғысқа қатысқандарға берілген сыйлықты көрсетіп сынға қалды

30.12.2025 18:38 Арман Ермеков Арман Ермеков
Ресейдегі қазақ отбасы соғысқа қатысқандарға берілген сыйлықты көрсетіп сынға қалды
0
1049
Фото: instagram.com/i_am__assel

Мәскеулік қазақ отбасы соғысқа қатысқандарға берілген сыйлықты көрсеткені үшін сынға ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz порталы Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Мәскеу қаласында тұратын этникалық қазақтар жергілікті биліктен келген азық-түлік себетін көпшілікке көрсетіп, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Ресей астанасының мэрі Сергей Собяниннің атынан жіберілген сыйлық қорабын ашу сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде үлкен дау туғызды.

«Мәскеудегі қазақ қызы» аталатын блогты жүргізетін Әсел есімді келіншек соғысқа қатысушыларға тиесілі қораптың ішіндегі заттарды видеоға түсірген. Қорапта шұжық, ірімшік, уылдырық, түрлі паштеттер мен шоколад және басқа да дәмділердің бар екенін көрсеткен. Бұл сый-сияпат оның күйеуі Азаматқа арналған. Отағасының 2022 жылдың күзінде мобилизация бойынша майданға аттанғаны белгілі болды.

Аталған бейнежазба жарияланған сәттен бастап блогер қатаң сынның астында қалды. Қазақстандық желі қолданушылары автордан парақшасындағы мемлекеттік туды алып тастауды талап етсе, енді бірі мұндай қадамның қаншалықты дұрыс болғанын сұрап жатыр. Ал Ресейдің шалғай аймақтарындағы тұрғындар биліктен мұндай мол сыйлықты бұрын-соңды көрмегендерін алға тартып, наразылықтарын білдірді.

Әсел өзінің парақшасында жұбайы екеуінің Ресейде туып-өскен этникалық қазақтар екенін атап өтеді. Олар ұлттық тағамдар дайындап Наурыз мейрамын атап өтетін сәттерін жиі көрсетеді.

Келіп түскен жағымсыз пікірлер легіне Әсел өз уәжін былай деп жеткізді:

«Бұл бейнежазба аймақтағыларды ашуландыру үшін емес, Мәскеуде арнайы әскери операцияға қатысушыларға қандай қолдау бар екенін көрсету мақсатында жарияланды. Өйткені көптеген мәскеуліктер мұндай көмектің қарастырылғанын білмейді. Менің видеомнан кейін олар да өз үлесін алатын шығар. Күйеуімнің ол жақта құрбан болуын тілегендер босқа әуре болмасын. Ол өз борышын өтеп қойған. Түрлі ауыр жағдайларға байланысты сәуір айынан бастап біз үшін соғыс аяқталды және жағдайдың мән-жайын білмей сөйлеудің қажеті жоқ. Сондықтан у шашуды доғарыңыздар, жақсыларым. Біз ешкімнің несібесін тартып алған жоқпыз, энергияңызды пайдалы іске жұмсаңыздар», – деп жазды ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий