Ресейге бет алған екі автовоз Ақмола облысында аударылды

Ресейге бет алған екі автовоз Ақмола облысында аударылды
Фото: Ақмола облысының ПД

Ақмола облысында 15 жаңа автокөлік тиеп, Ресейге бара жатқан екі жүк көлігі жол апатына ұшырады. Көктайғақ салдарынан жүргізушілердің бірі рульге ие бола алмай, екі көлік те жол жиегіне аударылған, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 қарашада «Астана – Атбасар – Жақсы» тасжолының 131-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік жүргізушілер FAW маркалы екі автотасымалдағышпен Қорғастан Ресейге 15 жаңа автокөлік жеткізіп бара жатқан.

Жолда көктайғаққа байланысты бірінші жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан екі көлік соқтығысып, жолдан шығып, жыраға аударылған.

Полицияның хабарлауынша, жол апатынан ешкім зардап шекпеген. Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге қыс мезгілінде жолда абай болуды ескертті. Әсіресе көктайғақ кезінде жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтауға, күрт тежеу мен қауіпті маневрлерден аулақ болуға және қысқы дөңгелектерді уақытында орнатуға кеңес берді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында болған жол апатынан кейін 4 күндік нәресте жансақтау бөліміне түскен еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу