"Сүйінші! Балам шаңыраққа оралды": Әнші Нұрлан Албан ұлының әскерден келген сәтін көрсетті
Белгілі әнші Нұрлан Албан әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің ұлы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп, аман-есен үйіне оралған:
«Сүйінші! Балам Отан алдындағы әскери борышын өтеп шаңыраққа оралды. Әскерде жүрген әр сарбаз аман-есен отбасына оралсын деп шын ниетіммен тілеймін», — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, «Нұрлан — мықты әнші, ұлтжанды, қарапайым, балаларын жақсы тәрбиелеген. Баласы да ақылды, тәртіпті екен, құтты болсын!», «Міне, азамат жігіт, құтты болсын!», «Балаңды көріп көзайым болдың ба, құтты болсын!», «Жақсы болыпты, аман-есен келгені» деп ақ тілектерін жаудырып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
12:04
Ресейге бет алған екі автовоз Ақмола облысында ...
13.11.2026
11:53
"Сүйінші! Балам шаңыраққа оралды": Әнші Нұрлан ...
13.11.2026
11:42
Әлназарованың ізімен: ұшақ бортында ресейлік әй...
13.11.2026
11:29
Ақтөбедегі кафеде жарылыс болды (ВИДЕО)
13.11.2026
10:55
«Ахи», «брат», «сестра», «абла» дегенді доғарың...
13.11.2026
10:43
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы: ...