Ресейлік насихатшы Қазақстанға рейд жасап, Астанада "тазалау" жүргізуге шақырды

Ресейлік насихатшы Қазақстанға рейд жасап, Астанада тазалау жүргізуге шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.
Ресейлік журналист және насихатшы Сергей Марданның Қазақстанға қарсы ашық әрі дөрекі шақыруы қоғамды дүр сілкіндірді. Ол өзінің Telegram арнасында Орск мұнай өңдеу зауытына жасалған дрондық шабуылды желеу етіп, Астанада тазалау жүргізуге дейін үгіттеген.
Мардан бұл шабуылдардың Украина шекарасынан 1400 шақырым қашықтықта орналасқандықтан, дрондардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны анық деп мәлімдеген. Ол ешқандай дәлелсіз, ашықтан-ашық:
«Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерлерді жою үшін "тәуелсіз" Қазақстан аумағына рейд жасаудың уақыты келмеді ме. Ең дұрысы, Астанада бірден тазалау жүргізу керек», – деп жазды.
(скриншот: t.me/mardanaka)
Дегенмен, бұл жанжалды хабарлама көп ұзамай өшірілді.
Марданның бұл сөздері қазақстандық сарапшылар арасында негізсіз ақпараттық шабуыл ретінде бағаланды. Запастағы полковник, әскери сарапшы Дархан Данияров бұл жазбаны «бірде-бір нақты фактімен расталмаған медиалық арандату» деп түйіндеді.
Соңғы жаңалықтар





