Риддерде жақында ғана босанған әйел қошқар көтеру сайысында жеңіске жетті

Риддерде жақында ғана босанған әйел қошқар көтеру сайысында жеңіске жетті
24.03.2025 15:27
0
82
Фото: видеодан скрин

Риддер тұрғыны Айым Нұржанова Наурыз мерекесін тойлау кезінде қошқар көтеру сайысына қатысып, сайысқа қатысқан ерлерді шаң қаптырды. Ол қошқарды 100 рет көтерген, - деп хабарлайды деп хабарлайды POLITICO.KZ NOKS.KZ басылымына сілтеме жасап. 

25 жастағы Айым қошқар көтеруден 100 мәрте отырып-тұрып, жеңімпаз атанды. Жақында ғана ана атанған риддерлік тұрғын "бұл мен үшін айтарлықтай жетістік емес" деп отыр.

"Мен үшін бұл таңғаларлық жетістік емес. Бірнеше жылдан бері бразилиялық жекпе-жек өнерімен айналысып келемін. Онда күштік жаттығуларға көбірек мән беріледі. Үнемі штангамен жаттығуға тура келеді. Жақында ана атандым. Бірақ спорттық қабілеттерім әлі бар. Жеңіске жетуге сол қабілеттерім себеп болды", - дейді ол.

Жеңімпазға бас жүлде ретінде өзі көтерген қошқар сыйға тартылды.

Фото: Видеодан алынған кадр

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий