Рим Папасы көз жұмды

Рим Папасы көз жұмды
21.04.2025 12:57
0
163
Фото: РИА новости

Рим Папасы Франциск қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Айта кетейік, Рим папасы сырқаттанып жүрген еді. Ол 2022 жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-съезінде сөз сөйледі.

Рим Папасы Франциск – католик шіркеуінің 266-шы басшысы, ерекше еңбекқор, дарынды және өте қарапайым адам. Оның лауазымы – Рим епископы, Ғайсаның жердегі ізбасары, Апостолдар князінің мұрагері, Әлем шіркеуінің жоғары Бас Пірі, Батыс Патриархы, Италия Примасы, Рим провинциясының Архиепископы және Митрополиті, Ватикан шаһары-мемлекетінің басшысы, Бір Тәңір үмбеттерінің үмбеті. Тіршіліктегі аты-жөні Хорхе Марио Бергольо, 1936 жылы 17 желтоқсанда Аргентина астанасы Буэнос-Айресте италиялық бес балалы эмигранттар отбасында дүниеге келген. Болашақ Рим Папасы Буэнос-Айрес университетін бітіріп, химик-технолог маманы дипломын алған. 22 жасында Рим-католик шіркеуінің семинариясын аяқтап, діни қызметін бастаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий