Римде қазақ студенті Тоқаевпен футбол ойнаған кәсіпкерді кездестіріп қалды

02.07.2026 18:13 Қанат Айбар
Римде қазақ студенті Тоқаевпен футбол ойнаған кәсіпкерді кездестіріп қалды
59
Фото: Tengrinews.kz

Рим қаласында оқитын қазақстандық студент жергілікті пиццериялардың бірінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастық шағындағы сирек кездесетін суретін көрді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл ерекше оқиға туралы Tengrinews.kz-тің желідегі нөміріне Жазира Сағындықова есімді оқырман жазып жіберген. Оның 18 жастағы қызы Жанел Шайманова қазіргі уақытта Италияның «Sapienza» мемлекеттік университетінде өнер және гуманитарлық ғылымдар факультетінде білім алып жатыр.

Оқиға 2024 жылдың 10 желтоқсанында болған. Жанел тамақтану үшін жергілікті пиццерияға кірген кезде күтпеген жағдайға тап болады.

Тамақтану орнының иесі қыздың қазақ тілінде сөйлеп тұрғанын естіп өзінің де бұл тілді білетінін мақтанышпен жеткізген. Бұдан бөлек ол жастық шағында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге футбол командасында ойнаған сәті бейнеленген ескі фотосуретті көрсеткен.

«Бұл сәт қызымның жанын Қазақстанға деген мақтаныш сезіміне бөлеп қана қоймай көшбасшылар өміріндегі спорттың маңызды рөлі туралы ойға жетеледі», – деді Жазира Сағындықова.

Оның сөзіне қарағанда пиццерия иесі бұрын Қазақстандағы Италия өкілдігінде 9 жыл жұмыс істеген. Бұл жағдай әлемнің қаншалықты тар екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Жанелдің айтуынша кәсіпорын иесі кезінде Алматы қаласында да біраз уақыт тұрған.

«Ол кез келген жағдайдан тек жақсылықты көре білу керек екенін айтты», – деді қазақстандық студент.

Войдите, чтобы оставить комментарий